Полицейлер 3 тәулікте 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Сайрам ауданында «Бір нүктелік» кең ауқымды профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға 150-ге жуық полиция қызметкері мен жедел қимылдайтын арнайы жасақ жұмылдырылды.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауданның әр нүктесінде 20-ға жуық уақытша блок-бекет орнатылып, қару иелерін тексеру мен тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Оның ішінде интернет алаяқтықтың, есірткі қылмысының, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі,ойын-сауық орындарында болуы сияқты жағдаяттардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Тек 3 тәуліктің ішінде 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шаралар қабылданды.

Сондай-ақ мас күйде автокөлік басқарудың 1 фактісі тіркелді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау…
Толығырақ

Алаяққа алданып қалмаңыз!

Түркістан Облысының Полиция Департаменті Алаяққа алданып қалмаңыз! 5 негізгі ереже Қазіргі заманда алаяқтық белең алып тұр. Кез келген…