Полицейлер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мұрасын дәріптеді

«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы – ұлтжандылық пен азаматтықтың айқын үлгісі. Ақынның өлеңдері мен публицистикалық мұрасы адамды рухани дамуға жетелейтін баға жетпес қазына саналады.

Осыған орай Түркістан облысының полицейлері ақынның 132 жылдығына орай оның шығармашылығын дәріптеуге арналған рухани шара ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары С.Торайғыровтың өлеңдерін жатқа оқып, мұражайлардағы жәдігерлермен танысып, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетті» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Гүлбану Есенқұлова С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқып, ақын туындысында көрініс тапқан қоғамдағы өзекті мәселелер мен өмір шындығын терең сезіммен жеткізді.

Полицейдің айтуынша, Сұлтанмахмұт Торайғыров өз заманының көкейкесті тақырыптарын өткір тілмен бейнелеп, халықтың мұң-мұқтажын өлең арқылы жеткізе білген.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Заң мен тәртіп ортақ ұғым

Төлеби ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.…
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…