Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте оқушылармен кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шараның тақырыбы — «Нашақорлық – ғасыр дерті».
Кездесудің басты мақсаты — оқушыларға есірткі заттарының зияны туралы жан-жақты ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру болды.
Шара барысында полицейлер жасөспірімдерге заңсыз есірткі айналымының салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндіріп, қоғамдағы нашақорлық деңгейін төмендету — баршаның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Кентау қаласы полиция бөлімі ескертеді: Болашағымыздың жарқын болуы – салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болуда. Денсаулығы мықты, ойы озық, білімді ұрпақ – ел ертеңінің кепілі!