Полицейлерден жас буынға рухани сыйлық

Патриоттық тәрбие мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жас сақшы сыныбының оқушыларына “Капитан Байтасов” фильмін көруге мүмкіндік сыйлады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер фильм арқылы жас буынға Отанға адал қызмет ету, ерлік пен жауапкершіліктің маңызды екенін түсіндірді. Туынды балаларға ерекше әсер қалдырып, оқушылар еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында ерлік көрсеткен полиция қызметкерлерінің ерлігіне құрметпен қарауды ұғынды.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді арттыруға, тәртіп пен жауапкершілікке баулуға бағытталған. Сондықтын Түркістан облысының полицейлері алдағы уақытта да «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына рухты, тәлім-тәрбиесі мол және патриот сезім сыйлайтын фильмдерге билет әперіп, тарту жасауды жалғастырмақ.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Прокурор форум өткізді

Түркістан қаласында облыс әкімдігі, прокуратура және полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында форум өтті. Іс-шараға…