Полиция ардагері жас мамандармен кездесіп, ағалық кеңестерін берді

«Ел тыныштығы үшін тер төккен Кентау қаласының Құрметті азаматы, 90-жылдары кенді шаһар халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, үш рет «милиция үздігі» төсбелгісіне ие болған Бимахан Танкибаев жас мамандармен кездесіп, ішкі істер саласында қызмет етудің маңыздылығын, түсіндірді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Кездесуде мейірімділік, өзара қолдау мәдениеті, жастар арасында жанашырлық дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сауаттылық, сондай-ақ айналасындағы азаматтарға қамқорлық пен көмек көрсетуге бағытталған сұқбат өрбіді. Сондай-ақ жас полицейлерге өмірлік тәжірибемен ұштасып, нақты оқиғаларға негізделген естеліктер айтылды.

Зейнет жасына жетсе де, қоғамдық іс-шаралардан қол үзбеген, Кентау қаласы ІІО бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы лауазымын абыроймен атқарып жүрген Бимахан Танкибаев, соңынан еріп келе жатқан қызметкерлерге қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда тек алдыңғы шепте болуға шақырды.

Келелі кездесу соңында Кентау қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы зейнет жасындағы полицейге өмірлік тәжірибе мен құнды кеңестері үшін алғыстарын жеткізді. Естелікке суретке түсті.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтті

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.…
Толығырақ

АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те…