Полиция мен ата-аналар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік жайын талқылады

Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дияс Балдановтың, бөлім бастығының орынбасары Данияр Түймебаевтың және Қоғамық қауіпсіздіктің бастығы Алихан Алентаевтың төрағалығымен ата-аналар мен оқушылардың қатысуында профилактикалық жиналыс ұйымдастырылды.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері, интернеттегі қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы бейнеролик көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, мектеп пен полиция арасындағы өзара ынтымақтастықтың балалар тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Оқушыларға полиция бөлімінің қызметі таныстырылды. Шара соңында қатысушылар профилактикалық кездесудің маңыздылығын атап өтіп, осындай түсіндірме іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Кентауда мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

«Кентау қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Мәдениетті…
Толығырақ

Мoпед мінген мас еркекті полиция тоқтатты

Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатпақ болды.…

Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан…