Полиция мен мектеп бірлесіп жасөспірімдерге құқықтық тәрбие берді

Келес ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге аудандық полиция бөлімінің басшылығы, ІІО ардагері Байбек Пернешов, білім бөлімі өкілдері мен «Жас сақшылар» қатысты.

Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігі, буллинг, лудомания және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар жиналғандарға тәрбиелік мазмұндағы бейнероликтер көрсетілді.

Шарада ардагер Б. Пернешов құқықтық сауаттылық пен тәртіпті сақтаудың маңызын атап өтіп, мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі рөлі зор екенін жеткізді.

Жиын соңында мектеп ұжымы полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, ынтымақтастықты жалғастыру ниетін білдірді.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ата Заң – іргелі елдің тұғыры

Ата Заң – кез келген елдің іргелі қағидалары мен ережелерінің тұғыры. Одан сол елдің азаматтарының құқықтары мен міндеттері…