Полиция мерекемен құттықтайды

25 қазан – Республика күніне орай Сайрам ауданы полиция басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты шеру өткізілді.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы, аудан прокуроры Б. Байгозиев, ішкі істер органдарының ардагерлері, Ауған және Таулы Қарабах соғысының ардагерлері, әскери қызметкерлер мен “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушылары қатысты.

Салтанатты шара барысында сап түзеген жас буын мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, 30-ға жуық қызметкері Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар ішкі істер органдарының ардагерлеріне ҚР Ішкі істер министрлігінің атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, салтанатты шерумен қорытындыланды. Мұндай шаралар патриоттық рухты көтеріп, елге адал қызмет етудің маңызын арттыруға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар абақтыны аралады

Полицейлер оқушыларды уақытша ұстау изоляторының қызметімен таныстырды. Бұл туралы  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды. Сайрам ауданы полиция…
Толығырақ

Жүз полицей тест тапсырды

«Түркістан облысының 100 полицейі «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің…