Полиция қызметкерлері 700- ден астам оқушыға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

«Сарыағаш ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторлары “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында бекітілген кестеге сәйкес профилактикалық жұмыстар жүргізуде» Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

2025 жылдың 4 қарашасында ювеналды полиция тобының 12 қызметкері аудан аумағында орналасқан 11 мектеп пен 1 колледжде түсіндіру сабақтарын өткізді.

Іс-шара барысында 700-ден астам жасөспірім қамтылып, оларға лудоманияның, нашақорлықтың, ерте жүктіліктің, буллингтің, сондай-ақ интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар ювеналды полиция инспекторларымен күнделікті жалғасын табуда.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан…
Толығырақ

Декларацияда көрсетілген мәліметтерді жариялауға қатысты түсіндірме жүргізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабы 9-тармағына…