Полиция қызметкерлері арасында достық турнир өтті

Сауран аудандық полиция бөлімінде «Ардагерлер күніне» орай қызметкерлер арасында футболдан достық турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдағы бірлікті нығайту және әріптестік қарым-қатынасты арттыру болды.

Жарысқа полиция бөлімінің түрлі қызмет салаларынан құралған алты команда қатысып, жоғары спорттық дайындық пен командалық рух танытты. Әрбір ойын әділдік пен достық атмосферасында өтті.

Тартысты өткен дода нәтижесінде I-орынды – Әкімшілік полиция қызметкерлері, II-орынды – Кезекші бөлім қызметкерлері, III-орынды – Уақытша ұстау изоляторы мен Арнайы қабылдау бөлімшесінің инспекторлары иеленді.

Жеңімпаз командаларға кубоктар, медальдар және Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл турнир қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген…