Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 200-ден астам жайтын анықтады

Түркістан облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының табиғатты қорғау және қару айналымын бақылау тобының инспекторы Ғалымжан Арыстанбекұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында атқарылған жұмыстарды жеткізді.

Полиция капитаны Ғ.Арыстанбекұлы өз баяндамасында: «Іс-шараның 22 тәулігінде 2 қылмыстық құқық бұзушылық пен табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 212 дерегі анықталды. Мәселен Шардара ауданында құқық бұзушылардан 100 келіге жуық балық, үрмелі ескек, резеңке қайығы, 300 метрге жуық тыйым салынған моно талшықты қытай ау-торы тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Одан бөлек облысымызда заңсыз балық аулаған 65 азаматқа шара көрілді. Аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесін бұзғаны үшін 75 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тіркелмеген қаруды заңсыз иемдену, алып жүру, сақтау бойынша 24 қару тәркіленіп алынды. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзған 47 құқық бұзушы анықталып, жауапқа тартылды», -деп атап өтті.

Спикер сөз соңында облыс тұрғындарына «Браконьер» іс-шарасы 19 қарашаға дейін жалғасатынын жеткізіп, өңір табиғаты, орманы мен жан-жануарларын сақтап қалуға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…