Полиция тұрғындарды интернет қауіптерінен қорғауға шақырды

Қазіргі таңда интернет алаяқтық фактілері жиілеп, азаматтардың мүлкі мен жеке деректеріне қауіп төндіруде. «Осыған байланысты Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары тұрғындар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері халық көп жиналатын орындарда — базарлар мен сауда нүктелерінде, мекемелерде және көшелерде түсіндіру шараларын өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға арнайы дайындалған үнпарақтар таратылып, интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ азаматтарға бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірі мен құпия кодтарын бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, тек ресми қосымшалар мен сайттарды пайдалану, сондай-ақ онлайн төлем кезінде растау кодтарына мұқият болу қажеттігі ескертілді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…
Толығырақ

Бақылау күшейтілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі “Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында жол қозғалысы бақылауы күшейтілгенін хабарлайды. «Түркістан қаласында «Қауіпсіз жол»…