Профилактикалық дәріс оқылды

«Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар Алғабас ауылында орналасқан №31 «Береке» жалпы білім беру мектебінің оқушыларымен кездесті» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпті әрекеттерден сақтандыру және олар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Кездесуде полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ бүгінгі таңда өзекті болып отырған буллинг, нашақорлық және лудоманияның зияны туралы жан-жақты түсіндірді.

Оқушыларға мұндай теріс әрекеттердің салдары, олардан сақтану жолдары мен өзін-өзі қорғау тәсілдері нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Сонымен бірге мектептердегі профилактикалық жұмыстар, жол жүрісіндегі қауіпсіздік талаптары және оларды сақтау міндеттері талқыланды. Іс-шара соңында оқушыларға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

П. Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Құқығы қалпына келтірілді

Шардара ауданында тұрғынның еңбек ету құқығы қалпына келтірілді Шардара ауданында ерекше жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мүгедек қызына күтім…
Толығырақ

Бұл Заңды білесіз бе?

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға…