Прокуратура мен пробация органдарының Алгоритмі түзілді

Түркістан облысының прокуратурасында жергілікті және құзыретті органдардың қатысуымен психикаға белсенді әсер етуші заттарды пайдаланушыларды анықтау, есепке алу, оларға әлеуметтік, медициналық көмек көрсету және пробация қызметіндегі проблемалық мәселелер мен оларды шешу мәселелері бойынша кеңейтілген мекемеаралық жиналыс өткізілді.

Өткізілген наркоскринигтің нәтижесімен бұрын есірткі, психотропты заттарды заңсыз сақтауына байланысты қылмыстық жауапқа тартылған 11 жаза өтеушінің апиын және каннабиноидтарды пайдалануын тоқтатпағаны анықталды.

Бұған дейін пробация саласындағы проблемаларды шешіп, оның қызметін бір жүйеге келтіріп, алға жүргізу мақсатында бірнеше бағыттар ұсынылып, басшы құжаттар қабылданды.

Соның ішінде, Меморандум қабылданып, әрбір құзыретті органның міндеттері белгіленді.

Прокуратура мен пробация органдарының жұмысын айқындайтын нақты іс-шаралар Алгоритмі түзілді.

Қайта қылмысқа бейім жоғары тәуекел тобындағы тұлғаларды мобильді топпен жүйелі түрде «Мобильді прокурор» қосымшасы арқылы тексеру тапсырылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жаза өтеушілердің қоғамға бейімделіп қайта қылмыстың алдын алуға ықпал етеді.

Homepage

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те…