Прокурорлар меморандумға қол қойды

Сайрам аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында бүгін ауданда маңызды әлеуметтік серіктестік шарасы өткізілді.

Іс-шараға облыс прокуратурасының басқарма бастығы Н. Асқанбеков, Сайрам ауданының әкімі М.Оразалиев, аудан прокуроры Б.Байгозиев, аудандық пробация қызметі және өңірдің ірі кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу нәтижесінде тараптар бесжақты серіктестік меморандумына қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – жаза өтеуші азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға жағдай жасап, олардың еңбекке орналасуына жәрдемдесу, кәсіптік дағдыларын дамыту және әлеуметтік тұрғыдан толыққанды қоғам өміріне қайта бейімделуін қамтамасыз ету.

Бұл серіктестік аудандағы пробация қызметінің тиімділігін арттырып қана қоймай, жұмыссыздықтың азаюына, әлеуметтік тәуекелдердің төмендеуіне және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға елеулі ықпал етеді деп күтілуде.

П. Рақым.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанда қоғамдық қауіпсіздік үшін бет-жүзді жабуға қойылған шектеулер түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен…

Прокурор мәжіліс өткізді

Апта басында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың…
Толығырақ

Алаяқсыз қоғам – саналы таңдау

Түркістан облысы прокуратурасының тапсырмасымен Сайрам ауданында «Алаяқсыз қоғам – саналы таңдау» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға бұқаралық…