Қайта қылмыстарды болдырмау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Түлкібас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өткізілді.

Кездесуде облыс прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқарма бастығы Асқанбеков Нұрғали Шекербекұлы, аудан прокуроры Қожабеков Ержан Базарбекұлы және пробация бөлімі мен мансап орталығының басшылары қатысып, әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері мен қайта қылмыстарды болдырмау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек жиынға төрағалық етуші Н.Ш.Асқанбеков пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтендіру мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер, жұмыс орындарын субсидиялау сияқты қолдауларды түсіндіріп, арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.

Кездесуде мансап орталығымен жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындары ұсынылып, жолдамалар берілді.

А. Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мoпед мінген мас еркекті полиция тоқтатты

Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатпақ болды.…
Толығырақ

Арыс аудандық соты кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша кезекті кездесу Арыста кездесу өтті. Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің…