Қазақстанда жастар туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл заңға сәйкес кешеден бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

Яғни жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейді.

Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге, жеңілдетілген несие алу және басқа игіліктерге ие болады.

Сонымен қатар, жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар), жастармен жұмыс жөніндегі маман және жастардың еңбек жасағы ұғымдары ресми түрде қолданылады.

Жанат Қапалбаева

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар абақтыны аралады

Полицейлер оқушыларды уақытша ұстау изоляторының қызметімен таныстырды. Бұл туралы  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды. Сайрам ауданы полиция…
Толығырақ

«Білімді жастар – ел ертеңі»

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Білімді жастар – ел ертеңі» атты құқықтық тәрбиелік көшбасшылар форумы өткізілді. Форумға Түркістан…