Құныққан аңшылар құрықталды

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан екі тұрғынды ұстады. Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері мен орман шаруашылығы инспекторлары мал жайылымы маңында күдік тудырған УАЗ автокөлігін тоқтатқан. Тексеру жүргізу барысында көлік ішінде болған екі ер адам қашып кетуге әрекеттенген, алайда көп ұзамай ұсталды. Оқиға орнынан екі жабайы қабанның мүшеленген еті, тіркелмеген 3 аңшы мылтығы және 30-дан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі уақытта заңсыз аңшылық дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде» дейді баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

А. Мақсат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Оңай табысқа алданып қалмаңыз

Цифрлық технологияның қарқынды дамуы бізге көптеген мүмкіндікпен қатар, түрлі қауіптерді де көлденең тартуда. Сондай қауіптердің бірі – дропперлер.…
Толығырақ

Бақылау күшейтілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі “Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында жол қозғалысы бақылауы күшейтілгенін хабарлайды. «Түркістан қаласында «Қауіпсіз жол»…