Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

“Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінде” жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жиналыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелердің алдын алу. Жиынға колледж әкімшілігі, ұстаздар, полиция қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында нашақорлық, буллинг пен кибербуллинг, интернет алаяқтығы, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды қоғамда кең тараған және жастардың болашағына кері әсерін тигізетін мәселелер жан-жақты талқыланды.

Спикерлер студенттерге құқықтық жауапкершіліктің мәні мен маңызын түсіндіріп, заң бұзушылықтың салдары туралы нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ, жастардың интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану мәдениеті мен өз құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оларға тиісті сала мамандары тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар ұсынылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Заң мен Тәртіп – қоғам негізі»

Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп – қоғам негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты- қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік…
Толығырақ

Сотқа қалай жүгінуге болады?

Қоғамда даулы мәселелердің көбеюіне байланысты сот органдарына жүгінетін азаматтардың да саны артып келеді. Бұған дәлел ретінде сотта қаралатын…