Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

Түркістан облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Осыған орай Сауран ауданы аумағында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйлерді аралап, азаматтармен кездесіп, заң талаптарын түсіндірумен қатар, олардың өтініш-тілектерін сол жерде қабылдауда. Осы уақытқа дейін 11 557 тұрғын үй қамтылып, оның ішінде 143 пәтер тексерілді. Нәтижесінде 762 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу және құқық бұзушыларды дер кезінде анықтау бағытында жұмыс атқаруда.

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы – полицияның барлық бөлімшелерінің күш-жігерін біріктірген кешенді жұмыс. Оның басты мақсаты – құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдегі тыныштықты нығайту.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар қауіпсіздігі — басты назарда

Сайрам ауданында балабақша қызметкерлеріне «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Онда бала амандығы мен қауіпсіздігі – тек…