Республика күні қарсаңында жас сақшылар музейге экскурсия жасады

«Республика күні мерекесіне орай және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жас сақшылар сыныбы Сұлтанбек Қожанов атындағы музейге барды. Экскурсия барысында оқушылар тарихи жәдігерлермен және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен қоғамдық қызмет жолымен танысты» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар музейдегі «Полиция бұрышын» тамашалап, ішкі істер органдарының тарихы мен қоғамдағы қызметінің маңызы жөнінде мол мағлұмат алды. Шараға полиция зейнеткері подполковник Қайрат Бектаев қатысып, жас сақшыларға елге адал қызмет ету, тәртіп пен жауапкершілікті сақтау жайлы тағылымды әңгіме өрбітті.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts