Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық жарыс өтті

«Түркістан қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында спорттың алты түрінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара облыс әкімдігінің қолдауымен және полиция департаментінің бастамасымен өтті» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Достық үйі» алаңында өткен жарысқа облыстың жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары белсене қатысып, өзара сайысқа түсті. Мұндай шаралар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, есірткі мен психоактивті заттарға қарсы иммунитет қалыптастыру және дұрыс өмірлік қағидаларды насихаттау болып табылады.

Сонымен қатар аталған іс-шара полицияның «Профилактика жылы» аясында өткізіліп, Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бағытындағы алдын алу жұмыстарының бір бөлігі саналады.

Шара барысында полиция қызметкерлері қатысушылар мен көрермендерге нашақорлықтың зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, есірткіге қарсы ұрандар жазылған брошюралар таратты.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ата Заң – іргелі елдің тұғыры

Ата Заң – кез келген елдің іргелі қағидалары мен ережелерінің тұғыры. Одан сол елдің азаматтарының құқықтары мен міндеттері…
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…

Учаскелік полиция есеп берді

 Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаевтың бастамасымен ауыл тұрғындарымен кездесу жиындары жалғасуда. Кезекті кездесу Тасарық ауыл округінде…