Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» модулі құрылған, сол арқылы жеке және заңды тұлғаларға және олардың заңды өкілдеріне соттарға электронды формаларды толтыру арқылы электронды құжаттар мен іс материалдарын жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде сот органдарымен электронды хат алмасу мүмкіндігі туындап отыр, бұл заңды, жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға да қолжетімді.
Жеке және заңды тұлғалар немесе олардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.
«Сот кабинетіне» тіркелу ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады.
«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.
Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» тіркелу рәсімінен өткеннен кейін:
1) талап арызбен;
2) сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;
3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;
4) өтінішпен сотқа жүгіне алады.
Сотқа ұсыну үшін арыз мәтіндік форматта жүктеледі (қарпі 14 Times New Roman, жартылай интервал)
Әрбір жеке құжат құжаттарды беру жүйесінде жеке файл түрінде жүктелуге тиіс. Файлдардың саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.
Пайдаланушы жүктейтін файлдың форматы *doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес келуі тиіс. Файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.
Қазіргі таңда Арыс аудандық сотына, заңды тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады.
Арыс аудандық аудандық сотының жетекші маманы Н.Серикбаев.
Related Posts
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидалары
Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы…
Азаматтық іс жүргізу қатынастары
Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық…
1 сәуірден бастап елімізде қандай заңнамалық өзгерістер күшіне енеді
2023 жылғы сәуірден бастап еліміздегі бірқатар заңнамалық нормалар күшіне енеді. Мәселен, 1 сәуірден «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы»…
Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…