Сот қызметкерлері форумға қатысты

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында форум өтті. Сот қызметкерлерінің мұндай форумдарға қатысуы –құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғаммен тиімді байланыс орнатуға және жас ұрпаққа әділдік құндылықтарын жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған форумның мақсаты – «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, өңірдегі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар мен құзырлы мекемелердің өкілдері қатысты. Форум барысында облыстық соттың төрағасы А.Сұлтанов, облыс әкімі Н. Көшеров, облыс прокуроры М.Тлеубердиев, полиция департаментінің басшысы М. Қабденов сөз сөйледі. Сонымен қатар, жол – көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара барысында А. Сұлтанов Жол көлік оқиғалары бойынша қаралған қылмыстық істер, әкімшілік құқық бұзушылық пен моральдық және материалдық шығындарды өндіру бойынша айтып өтті.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында және “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес Түркістан…
Толығырақ

Сарыағаш ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жиын өтті

Сарыағаш ауданында полиция басқармасы, прокуратура, білім бөлімі қызметкерлері, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық…