Түркістан облысында “Жас сақшы” сыныптарының оқушылары сайысқа түсті

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен спорттық жарыс өткізілді. Оған облыстың Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Келес, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарындағы «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушылары қатысты.

Жарысты департаменттің жеке құрам жұмысы жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ерлан Шәмшат ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев арнайы қатысып, шараның маңыздылығын атап өтті.

Спорттық бәсеке үш бағыт, яғни футбол, арқан тартыс және дойбы бойынша өтті. Жас сақшылар өздерінің шеберліктерін, ойлау қабілеттерін, ептіліктері мен ұйымшылдығын ортаға салды.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Шардара ауданы,ІІ орынды Келес ауданы,ІІІ орынды Сайрам ауданы, футбол ойынынан І орынды Мақтарал ауданы,ІІ орынды Сайрам ауданы,ІІІ орынды Қазығұрт ауданы, арқан тартыс ұлттық ойынынан

І орынды Жетісай ауданы,

ІІ орынды Шардара ауданы,

ІІІ орынды Сарыағаш ауданы жеңіп алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Оқушылармен кездесу өтті

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қараспан ауыл округіндегі…