Түркістанда туристердің назарын аударған фотокөрме өтті

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен туристік аймақта «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында фотокөрме өтті. Экспозицияда полиция қызметінің сан қырын көрсететін фотожұмыстар пен полицейлердің ұл-қыздары өз қолдарымен салған балалар шығармашылығы ұсынылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар шара барысында полиция қызметіне берілген жаңа қызметтік автокөліктердің таныстырылымы өтті.

Яғни кішкентай тұрғындар қызметтік көлікке отырып көріп, ондағы құрылғылармен еркін танысып шықты. Жеке құрам мен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары сапқа тұрып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтің өзі арнайы қатысып, жастармен тілдесіп, тұрғындарға көрменің маңызын жеткізді.

– Бүгін сіздерге қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсізді мен құқығын қамтамасыз ету, жедел іс-шаралар мен халықпен күнделікті қарым-қатынас сәттері бейнеленген көрмені ұсынып отырмыз. Сіздер мұнда полицияның тек құқық бұзушылықпен күресіп қана қоймай, жастарды тәрбиелеуге және қоғамда сенім орнатуға қосып жатқан үлесін көруге мүмкіндік аласыздар. Көрмені тамашалап, көңіл-күйге бөленіңіздер! – деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Түркістан – туристік аймақ болғандықтан, жергілікті тұрғындармен қатар Түркия, Өзбекстан, Ресей елінен қыдырып келген шетел азаматтары да көрмеге қызығушылық танытып, қарап шықты. Көрме барысында полиция қызметкерлері әр фотосуретті түсіндіріп, оның тарихын баяндады. Ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларының оқиғаларын да жеткізіп, олардың батылдығын көрермендерге үлгі ретінде ұсынды.

Ашық форматта өткен фотокөрменің қонақтары абыройлы қызметтің шынайы сәттерін тамашалап, полиция қызметкерлерінің жұмысына жақынырақ көз жеткізе алды. Тұрғындар тарапынан көрмеге жоғары баға беріліп, тұрақты өткізу туралы ұсыныстар айтылды.

Ерекше шара өнерпаз тәртіп сақшыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өнерлі полицейлер мен арнайы форма киген «Жас сақшы» сыныбының оқушылары көрмеге келген жергілікті тұрғындарға жылы эмоция, жүрекке жететін әуендер сыйлады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…
Толығырақ

Түркістан қаласында жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесу өтті

Түркістан қаласындағы №33 жалпы орта мектепте полиция қызметкерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында…