Түркістанда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру шаралары жалғасуда

Түркістан қаласында #ҚауіпсізЖол жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция полковнигі Жасұлан Нысанбаевтың төрағалығымен жеке құрамның қатысуында саптық жиын өткізілді.

Жиын барысында полицейлерге қызметтік тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіп бағытында атқарылатын жұмыстар тапсырылды.

Әрбір қызметкерге қызметтік жауапкершілікті терең сезініп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген аумақтарда қырағылықты арттыру, кезекшілік кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасының негізгі мақсаты – жол қозғалысы мәдениетін арттыру, апаттылықтың алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts