Тұрғындардың қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің басты назарында

Тұрғындардың қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің басты назарында: Түркістанда 1600 жаңа жол белгілері орнатылды

Түркістан қаласында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар көлік қозғалысын реттеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүргізілген жұмыстар аясында жалпы жол белгісі орнатылды. Оның 310 данасы білім беру ұйымдарының маңына қойылса, қала бойынша барлығы 1290 жол белгісі жаңартылды. 400 шақырым жол таңбалары өңделіп, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейту үшін 200 жаяу жүргіншілер жолағы айқындалып, сызылды. Көлік жылдамдығын төмендету мақсатында мектептер мен халық көп шоғырланатын аймақтарға жасанды жол кедергілері орнатылды.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге әрдайым басымдық беруге шақырады. Жыл басынан бері атқарылған бұл жұмыстар қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралардың маңызды бөлігі болып табылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция педагог пен ата-ананы кездестірді

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шәкімнің басшылығымен өңірдегі білім беру саласының қызметкерлеріне арналған интернет алаяқтықтың…

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласында балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда»…
Толығырақ

«Үлгілі жүргізушілер» марапатталды

«Полицейлер ұзақ жылдар бойы жол жүрісі қағидаларын бұзбай жүрген жүргізушілерді марапаттады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.…