Тұрғындармен кездесу өтті

Түркістан облысы полиция департаменті Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбековтің бастамасымен аудан аумағындағы алғашқы кездесу Бадам ауылдық округінде өтті. Іс-шараға аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, ауылдық округ әкімі Нұрлан Байбахов және ауыл ақсақалдары мен белсенді тұрғындар қатысты.

Кездесуде учаскелік полиция инспекторы Ербол Суханов тоғыз айда атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы шаралармен таныстырды.

Сонымен қатар полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков қоғамдық тәртіп пен өзара жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтіп, “Ішімдіксіз ауыл” жобасы аясында жастарды жаман әдеттерден сақтандыруға бағытталған жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Жиын соңында тұрғындарға интернет алаяқтық пен қаржы пирамидасынан сақтану жөнінде түсіндірме жүргізілді. Мұндай кездесулер ауданның өзге ауылдық округтерінде де жалғасын табады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Учаскелік полиция есеп берді

 Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаевтың бастамасымен ауыл тұрғындарымен кездесу жиындары жалғасуда. Кезекті кездесу Тасарық ауыл округінде…
Толығырақ

Сотқа қалай жүгінуге болады?

Қоғамда даулы мәселелердің көбеюіне байланысты сот органдарына жүгінетін азаматтардың да саны артып келеді. Бұған дәлел ретінде сотта қаралатын…