Ұлы дала елі орталығында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

25 қазан күні Ұлы дала елі орталығында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мереке – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын дәріптейтін, құқықтық құндылығын, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды тарихи күндердің бірі болып табылады.

Іс-шараға қала басшылығы, мекеме қызметкерлері мен ардагерлер қатысты. Мерекелік жиында ел игілігі жолында адал қызмет етіп жүрген бірқатар қызметкерлердің еңбегі еленіп, оларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Жиында сөз сөйлеген басшылар ел бірлігі мен тұтастығының маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларды Республика күнімен шын жүректен құттықтады.

Салтанатты шара Отанға деген сүйіспеншілік пен халық бірлігін арттыруға, елге адал қызмет етудің мәнін ұғындыруға бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген…
Толығырақ

МЕДИАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Медиация» термині латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес…