ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Әр бала қауіпсіз ортада білім алуы тиіс

«Түркістан қаласындағы №11 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінде Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев пен Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ермек Өсербаев оқушылармен кездесу өткізді деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға сондай-ақ Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Оралбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбетов және қалалық прокуратураның өкілі Мүсілім Төлебек қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың, соның ішінде әлімжеттік пен буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыру, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру болды.

Полиция өкілдері буллингтің қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны туралы түсіндіріп, мұндай әрекеттердің заңдық салдарына тоқталды. Сондай-ақ оқушыларды өз құқықтарын білуге, өзгелердің абыройы мен қадірін құрметтеуге шақырды.

Өз сөзінде полиция полковнигі Арман Бейсенбаев балалар арасындағы әлімжеттіктің қоғам үшін өзекті мәселе екенін атап өтіп:

«Әрбір баланың қауіпсіз ортада білім алуы – біздің ортақ міндетіміз. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен тәрбиесіне қоғам болып атсалысуымыз қажет», – деді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар полицейлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Түркістан облысы Полиция департаменті алдағы уақытта да білім беру ұйымдарында тәрбиелік және түсіндіру бағытындағы шараларды жалғастыратын болады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ПОЛИЦИЯ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын…
Толығырақ

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САҚШЫ АРУ

Ордабасы өңірінің тумасы Жақсылық Нұршат Нұрланқызы – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған жан. Бүгінде ол Төлеби аудандық…
Толығырақ

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, өңір көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара аясында Түркістан қалалық Полиция…
Толығырақ

Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске…