Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Төлеби ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіптің сақталуын бақылауда.

Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау, көше қылмыстарының алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында рейдтік тексерулер ұйымдастырылуда. Нәтижесінде, 50-ге жуық құқық бұзушылық дерегі анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және қоғамда заң үстемдігін қалыптастыру болып табылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі…

Оқушылармен кездесу өтті

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қараспан ауыл округіндегі…