ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Тұрғындарға киберқылмыстан сақтану жолдары түсіндірілді

“Кибер алаяқтықтың алдын алу, қорғау және жауапкершілік” тақырыбында Арыс ауданының полиция қызметкерлері локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері мен тәсілдері – фишинг, жалған сілтемелер, әлеуметтік желілер арқылы алдау және өзге де әдістер туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушыларға жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, бейтаныс тұлғалармен қаржылық әрекеттерге бармау және интернет кеңістігінде сақтық шараларын ұстану жөнінде нақты кеңестер берілді.

Полицейлер интернет алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібін түсіндіріп, азаматтарды киберқылмысқа қарсы сақ болуға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция «Қарасора-2025» іс-шарасының қорытындысымен 900 келіге жуық есірткі тәркіледі

«Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев брифинг барысында «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады»…