«Заң және тәртіп» қағидаты негізінде 150-ге жуық оқушыға арнайы іс-шара өткізілді

Сарыағаш аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында арнайы іс-шара өткізілді.

Шараға полиция басқармасы бастығының орынбасары Бекболат Джигитов пен ардагерлер қатысты. Сондай-ақ №78 жалпы білім беретін мекеменің 150-ге жуық білім алушысы мен жас сақшы полиция сыныбының оқушылары қатысты.

Өз кезегінде Б.Джигитов жиынның негізгі мақсатын түсіндіре отырып, оқушыларға буллинг, лудомания, дроппер және нашақорлықтың алдын- алу бойынша тақырыптарға жеке дара тоқталып, арнайы әзірлеген бейнероликтерді көрсетті. Жасөспірімдерге қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қажетті ақыл кеңестерін жеткізіп, өз ойларымен бөлісті.

Жиынға қатысқан оқушыларға Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында орналасқан Ішкі істер министрлігіне қарасты арнаулы оқу орындарына түсу ережелері таныстырылды. Жиын соңы аудандық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен ұласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша елімізде жыл сайын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай…
Толығырақ

Заң мен тәртіп: Полиция жыл басынан бері 3000-нан астам тұрғынға қорғау нұсқамасын шығарды

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы Полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жанар…
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Түркістан қаласындағы жоғары көпсалалы колледжде студенттерге арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дәріс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД…