Жария тыңдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Отырар қызмет» МКК-ның суды арналар арқылы беру қызметіне тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдау тарифті бекітуге немесе өзгертуге өтінімді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады.

Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.

Жария тыңдау 2026 жылғы 5 қаңтарда сағат 15:00-де Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы көшесі №45 Мәдениет сарайы мекенжайында өтеді.

Сонымен қатар, жария тыңдауға Түркістан облысының, Отырар ауданы тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қатыса алады (https://www.facebook.com/groups/2005155806263888).

Сонымен қатар, Үкіметтің тарифтердің өсуін тежеу жөніндегі жұмысы аясында 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін табиғи монополия субъектілерінің қызметтері бойынша тарифтердің көтерілуі жоспарланбайды.
Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
Анықтама үшін телефон: +7 (72533) 5-83-79.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Арыс ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық прокуратура жанынан құрылған жұмысшы топтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы…