«Жас сақшы» сыныбы – болашақ тәртіп сақшыларының бастамасы

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастамасымен құқық қорғау саласына қызығушылығы бар мектеп оқушылары арасында «Жас сақшы» полиция сыныптарын құру жұмысы жалғасуда. Осы бағытта Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте ашылған «Жас сақшы» сыныбының оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қозғалысы қауіпсіздігі және интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар буллинг пен нашақорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық дәріс өткізілді.

Шарада полиция полковнигі жас буынға сенім білдіріп: «Сіздер елдің лайықты азаматтары боласыздар. Оқу жылында сәттілік тілеймін!» – деп атап өтті.

«Жас сақшы» сыныптары – оқушыларды тәртіпке, жауапкершілікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеумен қатар, құқық қорғау органдарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тәрбиелік жоба болып табылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі…

Сахналық қойылым көрсетілді

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде, жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында…