Жас сақшылардың саптық дайындығын полицейлер тексерді

Келес ауданы №44 «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде жас сақшылармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары С.Отыншиев пен полиция майоры Ш.Рахматилла, сондай-ақ Келес аудандық білім бөлімі өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жас сақшылардың сапқа тұру деңгейі мен сырт келбеті, нышандары мен киім үлгісі тексеріліп, саптық дайындықтары бағаланды. Сонымен қатар оқушыларға ішкі істер органдары қызметкерлерінің форма кию ережелері мен қызметтік этикасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиын соңында жас сақшыларға өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған бейнематериал көрсетіліп, алдағы жоспарлар талқыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында және “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес Түркістан…