Жастар киберқауіпсіздікке дайын: Түркістанда рекордтық тестілеу өтті

Республикада алғаш рет ауқымды профилактикалық шараны Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды. Бастамаға облыстық білім басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қолдау көрсетті.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген бұл шара өңірде жүзеге асырылып жатқан «Киберқалқан» медиа-жоспары аясында өтті. Интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында оқушылар, студенттер және педагогтер арасында жаппай тестілеу ұйымдастырылды.

Тестілеуге жалпы саны 350 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, 56 563 жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының студенттері, 218 463 мектеп оқушысы және 86 244 педагог қамтылды.

Тест нәтижелері қатысушылардың қаржылық-цифрлық сауаттылық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Мемлекет басшысы бекіткен «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы аясында қолға алынған бұл бастама қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерге қарсы жауапкершілігін күшейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот ісіне шолу

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен қаралатын істерге шолу. Сарыағаш ауданының…
Толығырақ

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, өңір көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара аясында Түркістан қалалық Полиция…