Жастар мен полиция өкілдері интернет қауіпсіздігі жайлы пікір алмасты

Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінде “Құқықбұзушылықтың алдын алу. Жастарды интернет қылмысынан қорғау: бүгінгі міндет, ертеңгі нәтиже” тақырыбында кездесу өтті. Бұл туралы habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хпабарлады.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде жасалатын қылмыстардың алдын алу және жастарды құқықбұзушылықтан сақтандыру.

Кездесуге Түркістан қалалық Полиция басқармасы, Түркістан облысы Полиция департаменті және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысты.

Спикерлер жастарға құқықтық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіріп, интернеттегі алаяқтық, есірткі саудасы мен қаржылық пирамидалар сияқты заманауи қауіптер туралы айтты. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, нақты мысалдар келтіре отырып, құқықбұзушылықтың салдарын түсіндірді.

Кездесу соңында жастарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін ұстану бойынша кеңестер берілді.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Отырар ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтарда интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Интернет алаяқтық…
Толығырақ

АТА-АНАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

 Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы…