Жол қауіпсіздігі бойынша бірнүктелік рейдтік шара өткізілді

Жол қауіпсіздігі апталығы аясында Төлеби ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында бірнүктелік рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері күндізгі және түнгі топтарға бөлініп, аудан аумағында 8 блок-бекет орнатып, жол қозғалысына қатысушыларды жаппай тексерді.

Тәртіп сақшылары жүргізушілердің құжаттарын, көліктің техникалық жағдайын, рөлге мас күйде отыру фактілерін және басқа да жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға алды. Сонымен қатар рейд барысында бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Төлеби ауданы полициясы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды алдағы күндері де жалғастыратынын хабарлап, барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар абақтыны аралады

Полицейлер оқушыларды уақытша ұстау изоляторының қызметімен таныстырды. Бұл туралы  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды. Сайрам ауданы полиция…
Толығырақ

Оңай табысқа алданып қалмаңыз

Цифрлық технологияның қарқынды дамуы бізге көптеген мүмкіндікпен қатар, түрлі қауіптерді де көлденең тартуда. Сондай қауіптердің бірі – дропперлер.…