Жүз полицей тест тапсырды

«Түркістан облысының 100 полицейі «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің хабарлауынша Түркістан облысы Полиция департаментінің базасына Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарманың мамандары арнайы келіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жеке құраммен кездесу өткізген. Сондай-ақ полицейлерден «Қазтест» диагностикалық тестін алды. 100 тәртіп сақшысы қатысқан тестілеу тыңдалым, оқылым, лексика-грамматикалық білім мен жазылым бөлімдерін қамтыды.
Бұл шара — полицейлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға бағытталған маңызды қадам. Ішкі істер саласында тіл мәдениетін қалыптастыру, сауатты іс-қағаздарын жүргізетін қызметкерлер қатарын арттыру бағытында өткен тестілеуде полиция қызметкерлері белсенділік танытты.
Тестілеуді ұйымдастыру бөлімінің жетекші сарапшысы Әсел Макыбаеваның айтуынша, “Қазтест” жүйесінің артықшылығы – ол халықаралық тілдік тестілеу талаптарына сай құрылған, нақты деңгейлік бағалау жүргізеді. Аталған тест нәтижесі әрбір қызметкердің тілді меңгеру деңгейін анықтауға, әрі қарай тілдік даярлықты жетілдіру жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында қатысушылар ұлттық рух пен тілге деген құрметтің маңызын терең сезінді. Осындай тағылымды іс-шаралар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, әр азаматтың жүрегіне тілге деген сүйіспеншілік ұялатады. Мемлекеттік тілді меңгеруге бағытталған мұндай ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
А. Айдын.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АТА-АНАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

 Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы…