ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МАХМҰД САБЫРХАНҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады.
Дүбірлі додада еліміздің құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Бұл жеңісте 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік сайыпқыранның үлесі зор. Спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жерлесіміз осыған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын.
 Мұрат Дүйсенбекұлы құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.
Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер ал жеке бапкеріне 5 млн тг ақшалай сыйлық табыстады.
 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Келісімге қол қойылды

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл облыста 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылған.…
Толығырақ

XII Республикалық Азаматтық форум

XII Азаматтық форумның алғашқы күнінде инклюзия, экология, цифрлық трансформация және азаматтық белсенділіктің дамуы сияқты маңызды бағыттағы панельдік сессиялар…