АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облыстық прокуратурасы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе аудан, қалаларда ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізуде.

Ақпараттық-насихаттық топтың құрамында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ аудан, қала прокурорлары мен аудандық білім бөлімінің басшылары бар.

Осы орайда, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде ақпараттық-насихаттық топ өкілдері аудан тұрғындарымен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, колледж оқытушылары және студенттермен кездесу өткізді.

Жиын барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері талқыланды.

Кездесуде облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серікбай Пірімбеков пен аудан прокурорының орынбасары Рысбек Намазов, Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскері Ботакөз Сыздықова қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығы, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жастарды ел болашағы жолында жауапты, парасатты және адал азамат болып қалыптасуға шақырды.

Кездесу барысында жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Еске сала кетсек, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» жобасы аясында ақпараттық-насихаттық топтың кездесулері аудан, қалаларда 16 қазанға дейін жалғасады.

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts