Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерғали Омарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, тиісті сала мамандары мен комиссия мүшелері қатысты. Бұл туралы  Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынды ашқан Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерғали Омарұлы күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне тоқталып, балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – мемлекеттің басты басымдығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын айтты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша №17 колледж директоры Ғани Мырзахметов баяндама жасап, білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары, психологиялық қолдау тетіктері және тәуекел топтарымен жұмыс барысы туралы кеңінен мәлімет берді.

Комиссия мүшелері өз тараптарынан бірқатар ұсыныс-пікірлер білдіріп, ата-аналармен жұмысты күшейту, мектеп психологтарының рөлін арттыру, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүйелеу, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысында тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Отырыстың күн тәртібіне жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, оның себептері мен шешу жолдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау шаралары туралы мәселе енгізілді.

Сондай-ақ, қосымша баяндама білім бөліміне қарасты “Аққала” жалпы білім беретін мектебінің директоры Гүлмира Әуезова тарапынан ұсынылып, мектеп деңгейінде атқарылып жатқан тәрбиелік және психологиялық жұмыстарға тоқталды.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts