Жуырда Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымында Төраға Жандос Шайдулланың басшылығымен Атқару комитетінің кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа облыстық ұйымның Атқару комитеті мүшелері, сондай-ақ қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда:
- 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылы жүзеге асырылатын негізгі бағыттар мен алдағы міндеттер талқыланды;
- Әлеуметтік әріптестік аясында білім бөліміне қарасты экономикалық бөлімнен балабақшаларды жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері бойынша түсіндірме берілді;
- Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау бағытында жүргізілген іс-шараларға жан-жақты талдау жасалды;
- Білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастары, ұжымдық шарттардың орындалу барысы, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды;
- Кәсіподақ мүшелеріне көрсетілген құқықтық және әлеуметтік көмектің нәтижелері талданып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру, мүшелік есепті күшейту және кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, жауапты тұлғалар белгіленді.