Ауданда тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекеніне табиғи газ берілді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны жүзеге асырған «KazBulidCo» ЖШС-гі мердігер мекемесі. Газ құбырының ұзындығы: – 5,2 шақырым, нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елді мекеннің 40 елді мекені (80%), 48 221 халықтың 43 973-і (91,2%) табиғи газбен қамтылды.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Оған қоса, ағымдағы жылы 7 елді мекеннің (Қаратас, Тұрақты, Алмалы, Қошқарата, Кеңсай, Ақтас, Шұқыршақ) газдандыру құрылысы жүргізілуде.

Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Депутаттар Келеске келді

«Келес ауданында 2,5 млрд теңгелік жоба іске қосылуға жақын» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Келес ауданына…