Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қызметтің ұйымдастырылуы мәселелері кеңінен талқыланды.
Комиссия отырысының күн тәртібінде бес мәселе қаралды: білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері, колледж студенттері арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жүргізілген профилактикалық жұмыстар, Алғабас ауылдық округі аумағында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтік және патрульдік шаралар, комиссияның 2025 жылғы 16 қыркүйектегі №10 және 3 желтоқсандағы №13 хаттамаларының орындалу барысы туралы қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
П. КАИЫР.