ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекова Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары М.Е. Мамбетовамен бірге Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге Адамның және Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасы ретінде адам мен азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі құқықтық нормалар, медициналық көмекті алу тәртібі, пациенттің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ медициналық құпияны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және пациенттермен этикалық қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
Талқылау барысында қатысушылар көтерген сұрақтар назарға алынып, өкіл тарапынан нақты жауаптар берілді.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілдігі