«Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Алғабас ауылдық округінде «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халық пен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайту болды.

Іс-шараға аудан прокуроры Мади Байтелиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуен және аудан әкімдігінің бөлім басшылары, сондай-ақ адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Акцияға келген азаматтарға заңнамадағы соңғы өзгерістер мен жаңартулар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, жеке деректерді қорғау, салық салу және әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат ұсынылды. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын нақты қойып, заңгерлерден кәсіби және жан-жақты жауап алды.

«Халық заңгері» акциясы – халыққа құқықтық кеңес беру арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Мұндай кездесулер азаматтарды өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге, мемлекеттік органдармен тиімді әрекеттесуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Акция форматы ашық болып, тұрғындар заңгерлермен жеке сөйлесіп, өзекті мәселелерін көтере алды.

Түркістан облысының прокуратурасы 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ

Отырар – қазақ руханиятының алтын бесігі, өркениет пен мәдениеттің мәңгілік мекені. Биыл бұл қасиетті өлке – Отырар ауданына…