МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

«AMANAT» партиясы ел мүддесіне бағытталған әрбір жобаның табысты жүзеге асуын өз бақылауында ұстай отырып, халыққа берілген уәделердің нақты іспен орындалуына басымдық беріп келеді. Себебі, бұл жобалар қаржы бөлу сатысында партиялық фракция мәжілістерінде, мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырыстарында жан-жақты қаралып, сайлаушыларымыз білдірген сұраныстардың негізінде қабылданған болатын.

Партияның Түлкібас аудандық филиалы осы міндетті іске асыру аясында Келтемашат ауылдық округіне қарасты Даубаба ауылында бой көтеріп жатқан 100 орындық ауылдық клубтың құрылысына партиялық бақылау жүмыстарын жүргізді. Мәдениет ошағының құрылысы ауылдың еңсесін көтеретін, елдің рухани өміріне серпін беретін маңызды жоба екені белгілі. Ел игілігіне арналған нысан құрылысының сапалы болуы әрі уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету – партияның халық алдындағы аманатының бір көрінісі деп білеміз.

Мониторинг жұмыстарына партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Жүнісов, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бақытжан Қуанышбеков және партияның жауапты қызметкерлері қатысты. Партия өкілдері құрылыс алаңында мердігер ұйымның жауапты азаматтарымен кездесіп, құрылыс сапасына, жұмыс кестесінің сақталуына және пайдаланылып жатқан материалдардың талапқа сай болуына қатысты мәселелерді қарастырды. Құрылыс жұмыстарына тартылған жұмыс күші, арнайы техникалардың болуы да партия өкілдерінің назарына алынған мәселелер қатарынан болды.

Ауыл халқы асыға күтіп отырған клуб ғимараты – руханият пен өнердің ордасы, ауыл жастары мен тұрғындарының бас қосар мәдени кеңістігі болмақ. Ғимарат салу жұмыстарын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «Асар Строй Групп» ЖШС-гі жүргізуде. Нысан дайындығының барлық сатысы партия өкілдерінің, аудандық депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ОТЫРАР АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ

Отырар – қазақ руханиятының алтын бесігі, өркениет пен мәдениеттің мәңгілік мекені. Биыл бұл қасиетті өлке – Отырар ауданына…
Толығырақ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН ЛОГИСТИКАЛЫҚ САЛАНЫ ЖАНДАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысына ҚХР-нан келген делегациясыны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңір әлеуетімен таныстырды. Шетелдік топ өңірдегі…

FIN-IQ – САУАТТЫ БОЛ, САҚ БОЛ!

Азаматтардың қаржылық әл-ауқатын арттыру және борыштық тұрақтылықты қамтамасыз етуде «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруды қолға алғаны…